RU
Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты

Рассказать Вконтакте

Трэверс Бейнон – темекі магнаты. Оның әйелінен бөлек төрт ашынасы бар. Алайда, Трэверстің сүйіктісі бұл жайтқа мүлдем қарсы емес деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты

Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты

Голд-Кост қаласынан шыққан миллионер Трэверс Бейнон 2011 жылы Тейша есімді қызға үйленген. Өздерінің зәулім үйлерінде олар төрт баласынан бөлек, Трэверстің ашыналарымен бірге тұрады.

«Бір-ақ қызың болғаны басқаша, ал төсекте бірнеше қызбен болу мүлдем өзгеше әсер қалдырады. Кейде шаршағандықтан, ұйқым қанбай қалатын кездер де болып тұрады», - деп Трэверс жасырмай айтты.
Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Көліктің артқы жағында отырған Трэверстің үлкен қызы. Ол модель болып жұмыс істейді. Ал көліктің оң жақ бетінде бойжеткеннің туған анасы мен өгей шешесі отыр.

Трэверс пен Тейшаның қарым-қатынасы 2009 жылы болған Candy Shop кешінен бастау алған. Белгілі болғандай, бірінші кездесуде Трэверс сүйіктісінің дене сымбатына тәнті болғанын жасыра алмаған.

Тейша Бейнон күйеуін басқа әйелдермен бөлісуде тұрған ештене жоқ деген пікірді ұстанады.

Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты

Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты

«Оның табынушы қыздары өте көп. Тіпті әлеуметтік желілерде оған жазатындар саны артып жатыр. Әдетте ондай қыздар біздің үйде бірнеше апта тұрып, кетіп жатады. Менің мүлде қарсылығым жоқ! Мен оның заңды жұбайымын. Ашыналар көп болғанымен, әйелі тек біреу ғана!»,- деп ағынан жарылды Тейша.
Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Белгілі болғандай, Бейнон жанұясы өз туыстарымен араласудан қалған. Олардың көбісі, Трэверстің жасап жүрген қылықтарына риза емес көрінеді. Тіпті Тейшаның ата-анасы немерелерін көре алмай жүргенін бір телебағдарлама кезінде жария еткен.

Өз күйеінің әрекеттерін әрқашан дұрыс деп санайтын Тейша жайлы каустралиялық миллионер әлеуметтік желіде былай деп жазды:

«Кэндимен және оның ең үздік табынушысы. Көре алмайтын жандар оларды 100% қолдайтын жарды тек түстерінде көреді».
Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты

Аустралиялық миллионердің ашыналарына әйелі қарсы емес болып шықты

Көбісі қазіргі танымал Кэндименнің бұрынғы өмірі жайлы мағлұмат біле бермейді. Мектеп қабырғасында Трэверс аустралиялық футбол лигасында өнер көрсеткен. Оны күлкілі шаш үлгісінің кесірінен көп мазақтаған көрінеді.

Оған қоса, ол Әлем аруының күйеуі болған. Сұлу бикешпен ажырасқаннан кейін Трэверстің жұмысы алға басып, миллионер атаныпты.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Трэверс Бейнон 1972 жылы Мельбурн қаласында дүниеге келген. Ата-анасынан қалған темекі кәсібін мұрагерлікке алған Трэверс компаниясының Аустралиядағы дүкендер саны 200-ге жетеді.

Оған қоса, бұрындары Трэверс модель болып та қызмет атқарған. Ол Levi’s, Moschino, Valentino, Canali, Paul Smith и Calvin Klein іспетті сән үйлерімен жұмыс істеп көріпті.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Белгілі болғандай, бірінші әйелі венесуэлалық хас сұлу Нинибет Леальмен Трэверс шетелде тұрып жүрген кезінде танысқан. Олардың екі балалары бар.

Аустралиялық миллионердің Тейшадан да екі баласы бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
6
6
1
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel