RU
Шымкентте ірі кәсіпкердің әйелі мен енесін қарақшылар қинап өлтірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте ірі кәсіпкердің әйелі мен енесін қарақшылар қинап өлтірген

Рассказать Вконтакте

Шымкентте ірі кәсіпкердің әйелі мен қайын енесін ұрылар өз үйінде қинап өлтірген. Сұмдық жағдай 16 наурыз күні таңғы уақытта болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте ірі кәсіпкердің әйелі мен енесін қарақшылар қинап өлтірген

Шымкентте ірі кәсіпкердің әйелі мен енесін қарақшылар қинап өлтірген

Бақуатты отбасының үйіне кірген қарақшылар ешкімді де аямаған.

Қайғылы жағдай болған үйдің көршілерінің сөзінше, ұрылар алдымен бағалы заттарды қолды етіпті.

Кейін үйдегі қарт кісі мен әйелді байқап, өлтіріп кеткен.

Осы кезде үйде жүрген студент қыз сұмдық жағдайды байқап, қашып үлгеріпті. Бойжеткен полицейлерден көмек сұрап, бір өлімнен аман қалған.

Қанды қол қылмыскерлер оқиға орнынан лезде тайып тұрыпты. Ал құзырлы орган өкілдері қанды қылмыс болғандығын растады.

Айта кетейік, ұры түскен үйдің қожайыны - ірі кәсіпкер. Кәсіпкердің Шымкент қаласы аумағында үлкен фермасы мен кафесі бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
16
24
2
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel