RU
Ресейлік әнші жігіт жанындағы азаматпен сүйісіп, жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ресейлік әнші жігіт жанындағы азаматпен сүйісіп, жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде танымал Ресей әншісі Алексей Воробьевтың белгісіз жігітпен сүйісіп тұрған видеосы тарап, жанкүйерлерінің таңданысын тудырды. Жел қолданушылары жұлдыздың әрекетін қатал сынап, оны жігіттерге қызыға бастаған ба деп күдіктенді.

Жақында ғана сүйіктісімен айырылысқан әнші видеода бір жігіттің ернінен құштарлана сүйіп алған. Оны көрген желі қолданушылары жұлдызды сексуалдық бағытын өзгертіп жіберген бе деп күмәндана бастаған.

Осыдан кейін Алексей жанкүйерлері тарапынан сынға қалғанын түсініп, оларға оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Айтуынша бұл оның актерлық кәсіптегі рөлдерінің бірі екен.

"Таңғаларлық па? Бұл әлі бастамасы. Біз қызықты фильмге түсіп жатырмыз. Ешқашан актерді шын өмірдегі адаммен шатастырмаңыздар. Маған дейін де мұндай рөлдерді бірнеше танымал әртістер ойнап шыққан. Көптеген актер жұрттың әңгімесінен қорқып, ондай қадамға бара алмады", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
27
8
6
2
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel