RU
«Тұмар» телевизиялық бәйгесінде жылдың ең үздіктері анықталды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

«Тұмар» телевизиялық бәйгесінде жылдың ең үздіктері анықталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, телевизия саласындағы жылдың үздіктері анықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тұмар телевизиялық бәйгесінде "Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы" номинациясын - "Хабар" арнасының "Ұлттық музыкалық жүлде" жобасы жеңіп алды.

Танымал продюсер Жан Мұқановты әріптестері желідегі парақшаларында жарыса құттықтап, жылы лебіздерін жазған.

Бұдан бөлек, "Үздік ойын-сауық жобасы" номинациясын - Ұлттық арнаның бастамасымен көрерменге жол тартқан "Мен Қазақпын" жобасы, "Үздік операторлық жұмыс" номинациясын - «Қазақ ТВ» телеарнасының «Наедине с природой» бағдарламасы, "Жылдың үздік тележүргізушісі" номинациясын - Дана Нұржігіт, "Жылдың үздік тележурналисі" номинациясын - "Еуразия бірінші арнасынан" Асхат Ниязов жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
1
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel