RU
Қазақ боксшылары Польшада топ жарып, қоржынға 4 алтын медаль салды
Жаңалықтар Әлемде

Қазақ боксшылары Польшада топ жарып, қоржынға 4 алтын медаль салды

Рассказать Вконтакте

Бокстан Польша астанасы Варшавада Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир аяқталды. Биыл 35-ші рет ұйымдастырылған Варшавадағы бокс бәсекесіне Қазақстаннан 10 боксшы қатысты. Оның жетеуі жүлделі орыннан көрініп: 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Қазақ боксшылары Польшада топ жарып, 4 алтын медальды жеңіп алды

Қазақ боксшылары Польшада топ жарып, 4 алтын медальды жеңіп алды

6 бірдей боксшымыз финалда жұдырықтасты.

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов (56 келі) иорданиялық боксшы Алуади Мұхамедті айқын жеңіп, алтын медальды еншіледі.

Одан кейін 64 келіге дейінгі салмақта Бекдәулет Ибрагимов поляк боксшысы Дамин Дюркачты ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов топ жарды. Ол финалда ресейлік боксшы Сергей Собылинскийді жеңіп шықты.

Сондай-ақ ауыр салмақтағы (91 келі) боксшымыз Антон Пинчук алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте түрікмен Арсланбек Ачиловтан айласын асырды.
Қазақ боксшылары Польшада топ жарып, 4 алтын медаль жеңіп алды

Қазақ боксшылары Польшада топ жарып, 4 алтын медаль жеңіп алды

Өкінішке қарай, финалда құрама капитаны, екі бірдей Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ресейлік боксшы Георгий Гушиташвилиге жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Абай Төлеш те күміс медальды қанағат тұтты. Ол да финалда ресейлік боксшы Глеб Бакшимен жұдырықтасып, есе жіберді.

Қоржынға түскен бір қола медальды аса ауыр салмақтағы боксшымыз Айболды Дәуренұлы иеленді. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Азамат Исақұлов (52 келі) пен Берік Әбдірахманов (60 келі) жүлделі орыннан көріне алмады.

Айта кетейік, қазақ боксшылары 8-12 наурыз аралығында Финляндия елінің астанасы Хельсенкидегі халықаралық турнирге қатысты. Онда отандастарымыз 5 алтын 1 күміс медаль жеңіп алған болатын.

Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel