RU
Сапарбаев: Өз ойыншыларымыз болса ғана футбол дамиды
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев: Өз ойыншыларымыз болса ғана футбол дамиды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы кезде дауға айналған футбол әңгімесіне нүкте қою керектігін айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаев: Өз ойыншыларымыз болса ғана футбол дамиды

Сапарбаев: Өз ойыншыларымыз болса ғана футбол дамиды
Source: UGC

"Біз әруақытта футболды қолдағанбыз, қолдаймыз да. Кейінгі кезде футболдың төңірегінде әңгіме көп. Сол әңгімеге нүкте қою үшін менің айтатыным, облыс басшылары әрдайым футболды қолдайды.
Футбол таза болуға тиіс, онда ешқандай коммерция болмау керек. Біздің командада Ақтөбенің азаматтары ойнау керек. Кеше Қызылордада болған ойында ақтөбелік ойыншылар шықты. "Қайсар" да жаман команда емес, ақтөбеліктерден құралған команда өздерін дәлелдеді", - деді Сапарбаев.

Облыс әкімі бес бірдей футбол алаңы бар жабық спорт кешенінің ашылуына қатысқан болатын. 800 бірдей баланың жаттығуына мүмкіндік жасалған алаңда қыс кезінде де футбол ойнауға мүмкіндік жасалған.

Сапарбаев: Өз ойыншыларымыз болса ғана футбол дамиды

Сапарбаев: Өз ойыншыларымыз болса ғана футбол дамиды
Source: UGC

"Спортшылардың арқасында елдің туы көтеріледі, гимн ойнайды. Оның ішінде футболдың орны бөлек. Футбол халықтың жақсы көретін ойыны. Әсіресе, біздің Ақтөбеде футболға көп көңіл бөлінеді. Ақтөбе футбол клубының осыған дейін қандай орында болғанын, беделін сіздер білесіздер. Кейінгі кезде аздап төмендеп қалды, оның да себептері бар.
Біз футболды дамытамыз десек, балаларды футболмен айналыстыруымыз керек. Өз ойыншыларымыз болса ғана футбол дамиды. Біздің футбол академиясын құрғандағы да мақсатымыз осы. Барлық аудандарымызда футбол академиясының филиалдары құрылады. Материалдық базасын нығайтуымыз керек", - деді әкім.

Ақтөбеліктерге арналған спорт алаңында қыздар футболы да болады.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
36
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel