RU
Назарбаев Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Си Цзиньпинді таққа қайта отыруымен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметіне қайта тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады.

Қазақстан президенті бұл оқиғаны елдің ұлттық мүддесін ілгерілету ісіне зор үлес қосқан Си Цзиньпинге Қытай халқының жоғары бағасы ретінде атап өтті.

"Қытай Сіздің басшылығыңызбен орташа ауқатты қоғам құру жолында бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Келешекте Қазақстан мен Қытайдың түрлі салалардағы стратегиялық әріптестігі қарқынды дами беретініне және халықтарымыздың достығы одан әрі нығая түсетініне еш күмәнім жоқ.
Осыған орай өзара сенім мен түсіністікке негізделген біздің жеке достығымыздың маңызы ерекше. Арамыздағы қарым-қатынастарымыз бен бірлескен жұмысымыз келешекте Астана мен Пекиннің жемісті ынтымақтастығының берік тірегі болатынына кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке тілеп, достас Қытай халқының өркендеуі мен дамуына ниеттестік білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
5
3
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel