Атырау облысында ойнап жүрген төрт бала мұз астына түсіп кетті
Атырау облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 4 баланы ажалдан аман алып қалды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау облысында төрт бала мұз астына түсіп кетті
"16 наурызда Құрманғазы ауданы аумағында Шора өзенінде 4 бала мұз астына түсіп кетті деген хабар түсті. Қайғылы оқиға балалардың тентектігі салдарынан болған. Мектеп оқушылары (үш бала мен 1 қыз) өзеннің қарсы бетіне шығып, мұз үстінде ойнаған. Кенеттен мұз ойылып балалардың бірі батып кеткен, артынша қалғандары да ойыққа түсіп етті", - делінген Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының хабарламасында.
Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы Құрманғазы аудандық құтқарушыларының және Құрманғазы ауданы ТЖБ мамандарының арқасында балалар ажалдан аман қалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
2
4
25
1
Тағы да оқыңыздар
Пікір