RU
Қазақстандық миллионер сарыағаштық баланы өз қамқорлығына алды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Қазақстандық миллионер сарыағаштық баланы өз қамқорлығына алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ең бай адамдарының бірі, бизнесмен және «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы «зорландым» деген 7 жасар баланың ісіне аралсты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық миллионер

Айдын Рахымбаев

Қазақстандық бизнесмен Facebook-тегі парақшасында ОҚО мектептерінің бірінде жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылық әрекетінің құрбаны болдым деген балақай қазіргі уақытта «Аналар үйінде» және толық қауіпсіздікте екенін мәлімдеді.

"Міне, енді ер бала анық қауіпсіз жерде, ол анасымен бірге біздің "Аналар үйінде" күшейтілген күзет қызметінің бақылауында. Жеткіншекті ана бір тәтесінен әрең дегенде алдық... Аружан Сайын, жарайсың!", - деп жазды Айдын Рахымбаев.

Естеріңізге сала кетсек, күллі Қазақстан жұртын дүр сүлкіндірген жаңалық осыдан бірнеше күн бұрын БАҚ беттерінде пайда болды. ОҚО, Сарығаш ауданы, Абай ауылының 7 жасар тұрғыны жоғары сынып оқушыларының өзін бес ай бойы зорлап келгенін айтқан. Жантүршігерлік "қылмыс" көпшіліктің наразылығын тудырса да, әлі күнге дейін расталмады.

Бұл мәселеге бүгінде барлық журналистер мен арнайы мамандар, құзырлы органдар және бала құқығын қорғаумен айналысатын қоғам белсенділері араласқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
4
3
3
49
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel