RU
Ақмола облысында қаруланып көшеге шыққан ер адам жұртты шошытты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында қаруланып көшеге шыққан ер адам жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы Жарқайың ауданының орталығында мас ер адам қару ұстап, көшеде жүрген деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ақмола облысында қаруланып көшеге шыққан ер адам жұртты шошытты

Ақмола облысында қаруланып көшеге шыққан ер адам жұртты шошытты

Державинскте 9 наурыз күні кешкісі патруль 27 жастағы күдікті ер адамды байқайды. Анықталғандай, ол ішімдік ішкен жергілікті тұрғын екен. Ер адам АІІБ-не жеткізіліп, тінту барысында одан 16 калибрлі мылтық алынған.

"Қару ІІБ-де тіркелмеген, баллистикалық сараптама қорытындысы бойынша атуға жарамды екен. Ер адамның айтуынша, қаруды тауып алып, үйінде сақтап жүрген", — деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша оқ ататын қаруды заңсыз сақтау бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 2 000 АЕК айыппұл төлеу немесе бір жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілуі мүмкін.

"Күдікті қаруды өткізгенде, өтемақы алар еді, ал енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ", — деді полиция.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel