RU
17 жастағы жігіт дінін кемсіткен досын бауыздап, анасын пышақтаған
Жаңалықтар Әлемде

17 жастағы жігіт дінін кемсіткен досын бауыздап, анасын пышақтаған

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Флорида штатында жасөспірім Құран оқып, жиһадқа шақыратын видео көргеннен соң қасындағы жолдасын бауыздап тастаған деп хабарлайды Qamshy агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

құран

17 жастағы Кори Джонсон өзінің досы Кайл Бэнкрофт пен оның 13 жастағы інісі Дэйн Бэнкрофттың үйінде қонған. Белгілі болғандай, сол түні жасөспірімдер таныстарының туған күнін тойлапты.

Джонсон өзімен бірге алып келген пышақпен 13 жастағы туған күн иесін (Джованни Сиерру) пышақтап, бауыздаған.

Қылмыскер айқайды естіп, көмекке келмек болған балалардың анасына да тап беріп, оған 12 жерінен пышақ сұққан.

Анасына көмекке келген досының інісі Дэйнді 32 жерінен пышақтаған.

Полицияны отбасының көршілері шақырған. Туған күн иесі оқиға орнында көз жұмды, 17 жастағы қылмыскер зардап шекпеген, анасы және оның екі баласының жағдайы жаман емес.

Мәліметтерге сүйенсек, жеткіншек достарын олармен бірдей діни көзқараста болмағаны үшін өлтірген.

Кори Джонсонның айтуынша, туған күн иесі (Джованни Сиерру) танымал адамдарды құдайға теңегендіктен, ал Дэйн Брэкфорд дінін кемсіткені ол үшін қатты қорланған. Сонымен бірге, қылмыс жасағанға дейін жеткіншектің Құран оқып, жиһадқа шақыру видеосын көргені белгілі болды.

Бұған дейін жеткіншек «ДАИШ» террористік ұйымымен байланысқа шығуға тырысқан

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
6
6
8
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel