Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей британдық 23 елшінің елден кетуін талап етті

Опубликовано:

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшілігінің 23 қызметкерін «нон-грата» тұлғалары деп жариялап, олардың Ресей аумағынан бір апта ішінде кетуін талап етті деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресей

Сондай-ақ, Мәскеу Санкт-Петербургте британдық бас консулдықты ашуға берген келісімін қайтарып алды. Сонымен қатар, британдық кеңестің қызметі оның мәртебесі реттелмеуіне байланысты тоқтатылады. Сәйкес рәсімдер халықаралық құқық тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттік хабарламасына сәйкес, Ұлыбритания елшісі Лори Бристоу ресейлік СІМ-ге шақырылған.

Елші Бас барлау басқармасының бұрынғы полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына байланысты Мәскеу мен Лондон арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі аясында шақырылған болатын.

4 наурыз күні оларды британдық Солсбери қаласының орталығында ес-түссіз жатқан күйінде тауып алған. Полиция мәліметі бойынша, оларды Ресейде жасалатын «Новичок» деп аталатын жүйке-параличтік затпен улаған.

Кейінірек, британдық премьер Тереза Мэй аталған азаматтардың улануына қатысы бар деп Ресейді кінәлап, Лондон Мәскеуге қарсы шаралар қолданатынын мәлімдеді. Бұл - 23 ресейлік дипломатты елден кетіру және жоғары деңгейде барлық байланысты үзу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1722083-resej-britandyk-23-elsini-elden-ketuin-talap-etti/

pixel