RU
Ақтөбелік азамат 6 баласын үйінен қуып жіберіп, үш балалы әйелге үйленді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік азамат 6 баласын үйінен қуып жіберіп, үш балалы әйелге үйленді

Рассказать Вконтакте

34 жастағы ақтөбелік келіншектің тағдыры туралы NUR.KZ-ке осыған дейін жарияланған болатын. Алты баласымен күйеуі далаға қуып жіберген келіншекке еріктілер көмек көрсетті. Қайырымды жандардың араласуымен әйелге бір жылға ақысыз тұруға баспана тауып берілген еді.

Ақтөбелік азамат алты баласын үйінен қуып жіберіп, үш балалы әйелге үйленді

Ақтөбелік азамат алты баласын үйінен қуып жіберіп, үш балалы әйелге үйленді

"Мен қазір бақытсызбын деп айта алмаймын. Көптің көмегінің арқасында бұрын көрмеген құрметке бөленіп, мейірімді сезініп жатырмын. Алла өлтірмейді екен. Сол күні шырылдап жылаған балаларымның көз жасын Алла көрген. Әкелері жеті түнде ішіп келіп бізді қуып шыққан болатын. Ұзамай өзі үйленіп алған. Біз далада қаңғып жүрген кезде үш баласы бар әйелді кіргізіп алыпты. Қазір солармен тұрып жатыр деп естідім. Бізге хабарласқан емес", - дейді келіншек.

Алты балалы жалғызбасты ананы еріктілер жұмысқа да орналастырған.

"Қазіргі күніме қарап, өзімді бақытсызбын деп айта алмаймын. Жолдасым болған кезде әр таңда жылап тұрып, жылап жататын едім. Қазір жұмысым бар, балаларымды әкімшілік көмектесіп демалыс орындарына барып тұрады. Жолдасыммен енді қайтып қосылмаймыз деп ойлаймын. Ол басқа отбасымен бақытты",-дейді келіншек.

Жалғызбасты ана қаладағы мектептердің бірінде еден жуушы болып жасап жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
3
11
37
4
26
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel