RU
Ұшақтың ашық тұрған есігінен құлаған стюардесса тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Әлемде

Ұшақтың ашық тұрған есігінен құлаған стюардесса тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Emirates əуе компаниясының стюардессасы Угандадағы Boeing 777 жолаушылар ұшағының апатты жағдайға арналған ашық тұрған есігінен жерге құлап, қаза тапты деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұшақтан құлап кеткен стюардесса

Ұшақтан құлап кеткен стюардесса

Бұл қайғылы оқиға Энтеббе əуежайында ұшақ жолаушыларды отырғызуға дайындалып жатқан кезде орын алған. Стюардесса асфальтқа құлап, ауыр жарақат алған.

Оны ессіз жатқан күйінде ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.

Куəгерлердің айтуынша, құлаған кезде оның қолында шыны бөтелке болған жəне соның салдарынан оған үлкен зақым келген.

Emirates компаниясының өкілдері оқиға себептерін анықтау мақсатында тергеу органдарына көмек көрсетіп жатқандарын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
11
25
2
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel