RU
Үш жыл бұрын жоғалған Қарағанды тұрғыны Алматы облысынан табылды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Үш жыл бұрын жоғалған Қарағанды тұрғыны Алматы облысынан табылды

Рассказать Вконтакте

2015 жылы маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамды полицейлер Алматы облысында тапты деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Үш жыл бұрын жоғалған Қарағанды тұрғыны Алматы облысында табылды

Үш жыл бұрын жоғалған Қарағанды тұрғыны Алматы облысында табылды

Үш жыл бұрын Қарағанды полициясына қарт ана ұлының жоғалып кеткені туралы арыз берген. Із-түзсіз жоғалғандар тізіміне тіркелген қарағандылық осы уақыт бойы Алматы мен қала маңындағы аудандарда жүріпті.

"Ер адам полиция бөлімшелерінде пайдаланылатын, тұлғаның кім екенін анықтау жүйесінің арқасында табылды. Ол жеке куәлігін ауыстырмақ болған екен. Анықталғандай, туыстарымен ренжісіп үйден кетіп қалған жігіт үш жыл бойы Алматы мен қала маңындағы аудандарда жұмыс істеп, күн көрген. Қазір Ақбастау ауылындағы таныстарының бірінің отбасында тұрады", — деп атап өтті ІІД.

Ер адам үйіне қайтудан бас тартты, бірақ оның табылғандығы және жағдайының жақсы екендігі туралы жеделхат оның анасы мен Қарағанды полицясына жолданған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
12
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel