RU
Адамдар ұйықтаған кезде мида не болып жататыны анықталды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Адамдар ұйықтаған кезде мида не болып жататыны анықталды

Рассказать Вконтакте

Лондонның империялық колледжі мен Кембридж университетінің ғалымдары адам ұйықтап жатқан кезде мида қандай процестер жүретінін анықтады деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады

Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады
Source: UGC

Ғалымдар баяу ұйқы сатысында еске түсірумен байланысты процестерге талдау жасады. Бұл үшін олар тышқандардың нейронын зерттеген.

Ғылыми мекеме қызметкерлері ұйқы кезінде өзекті ақпарат сақтайтын нейрондар арасындағы байланыс берік бола түсіп, ал маңызды емес мәліметтердің байланысы әлсіреп, жоғалып кетеді деген пайымға келді.

"Адамның уайымы мен оның маңызына қарай тиісті нейрондық байланыстардың өлшемі өзгеріп тұрады", — дейді зерттеу жұмысының авторы Ана Гонсалес Руэда.

Руэданың айтуынша, бұл тетік жүйке жүйесінің қатты қозуын тежейді. Бұған қоса, ми еш ақпаратты жоғалтпасқан ұзақ уақыт бойы маңызды мағлұматты есте сақтауға мүмкіндік алады.

"Мидың есте сақтау қабілеті жақсы болғанымен, нейрондардың байланысы менн олардың белсенділігі үшін көп энергия қажет. Сондықтан тек қажетті ақпаратты ғана есте сақтау тиімдірек", — деп атап өтті зерттеуші.
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
1
7
21
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel