RU

КВН жұлдызы "Астана" футбол федерациясының президенті болды

Бүгін елордада Астана футбол федерациясының есептік-іріктеу конференциясында Федерацияның жаңа басшысы етіп "КВН-ші" Мәлік Хасенов таңдалды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ

КВН жұлдызы "Астана" футбол федерациясының президенті болды
КВН жұлдызы "Астана" футбол федерациясының президенті болды: UGC
«Бұрынғы басшының атқарған жұмысына зор алғысымды білдіремін. АФФ жобаларының ауқымы құрметке лайық. Экономист ретінде әрбір идея материалдық тұрғыда қолдау табу керек екенін білемін. Басталған істі жалғап, алға ғана жылжи беретінімізге сенімдімін», - деді АФФ жаңа басшысы.

Федерацияның атқарушы комитетінде де өзгерістер бар. Александр Коночкиннің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін «Астана» футбол клубының атқарушы директорлығына Қайсар Бекенов келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722099-kvn-zldyzy-astana-futbol-federaciasyny-prezidenti-boldy.html