RU
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жескенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: miasskiy.ru

Көрнекі фото: miasskiy.ru

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей жерлерінде жауын жауса, кей жерлерде, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі. Ал республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталмақ.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің екіпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Күндіз жекелеген аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде - түнде және таңертен тұман, таңертен және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел күші 15-20 м/с, түнде тұман болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің 18 м/с дейін күшейюі күтіледі.

Қостанай облысының жекелеген аудандарында - көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде тұман. Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір