RU
Ресейде президенттік сайлау өтіп жатыр
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде президенттік сайлау өтіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ресейде президенттік сайлау өтеді. Мемлекет аумағында 97 мыңнан астам сайлау бөлімшесі, ал шетелдерде тағы 400-дей учаске құрылған. Олар жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін ашық болады деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото

Көрнекі фото

Орталық сайлау комиссияның мәлімдеуінше, сайлауда 110 миллионнан астам азаматтың дауыс беруге құқы бар.

Ел өміріндегі басты саяси доданы әлемнің 109 елінен 1,5 мыңға жуық шетелдік және халықаралық бақылаушылар қадағалайды. Ал президенттік лауазым үшін 8 үміткер сайысқа түскелі отыр.

Олар – Владимир Путин, Григорий Явлинский, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Борис Титов, Сергей Бабурин, Ксения Собчак және Максим Сурайкин.

Ресей президенті Владимир Путин тәуелсіз кандидат ретінде тіркелген. Айта кетейік, Ресейде президенттің басқару мерзімі 6 жыл.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір