RU
"Керек болса, ал": ШҚО-да теңге жабыстырып көшеге шыққан жігіт елді таңырқатты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Керек болса, ал": ШҚО-да теңге жабыстырып көшеге шыққан жігіт елді таңырқатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында киіміне ақша жабыстырып алған жігіт көшеге шығып, жұртты таңғалдырды. Осылайша ол қайырымдылық жасаудың ерекше әдісін ойлап тауыпты, деп жазды altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Қасына "Ақша керек болса, ал" деген жазу жазып қойған оның әрекеті, өткен-кеткенді таңғалдырмай қоймады. Бұл идеяның авторы – зыряндық жас кәсіпкер Юрий Токарев. Ал қала көшесінде тұруға маркетолог маман Денис Никоркин ниет білдірген.

"Мен бұл идеяның іске асуын бір апта күттім. Өйткені тұрғындардың қалай қабылдайтыны өте қызық болды", - дейді ол.
Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Алайда киіміне ақша жапсырып, кім алса, сол алсын деп тұрған жігітке ешкім жолай қоймады. Керісінше оған қызықтап қарап тұрғандар көп болды.

"Бұл біздіңше тамаша идея. Бұл жігіт те мықты екен, ұялмай ел алдына осылай шығып, көмек ұсынып тұрған",-дейді қала студенті Серік Әділханов.

Дегенмен аздан соң бәрі өзгерді, ең алдымен жас жігіттің киіміндегі ақшаларды балалар жұлып ала бастады. Сөйтіп зыряндықтар акцияға ақырындап араласа бастады. Шараның басты талабы – алынған ақшаны неге жарататыныңды айту.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Зейнеткерлер дәрі-дәрмек аламыз деп, студенттер түскі асқа деп ала бастады. Ал Жастар орталығның қызметкерлері алған ақшаларын Аягөз ауданына жөнелтетінін айтты.

"Осылайша киімге 200 теңгеден жапсырылған 20 мың теңге 45 минуттың ішінде таратылды. Айта кету керек, ешкім де ашкөзденіп талап алған жоқ, тіпті саңырау азаматтың өзі келіп тек 400 теңге ғана алды, көбірек алуды ұсынған едім, жоқ осы да жетеді деп бас тартты. Тек таксистердің тәбеті жақсы екен, темекі аламыз деп бірнеше екі жүздікті жұлып алды", - дейді ақша таратқан жігіт.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
11
2
2
7
60
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір