RU

Қызылорда облысында тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып қалды (фото)

Қызылорда облысында екіқабатты үйді бөліп тұрған бөлігі опырылып қалды. Оқиға Арал қаласында кеше сағат 18:00 шамасында болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: UGC

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, Жароков көшесінде орналасқан тұрғын үй ескірген. Салдарынан техникалық қабаттың темірбетон плиталары бірінші қабаттың шатырына құлаған.

Абырой болғанда оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр.

Ал үйдің 11 тұрғыны олардың 9-ы балалар қауіпсіз жерге көшірілген.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722136-kyzylorda-oblysynda-trgyn-jdi-bir-bligi-opyrylyp-kaldy-foto.html