RU

АҚШ-та екі басты жылан табылды (фото)

АҚШ-тың Флорида шататында жергілікті шаруа жаңа туған екі басты жылан тауып алды деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

АҚШ-та екі басты жылан табылды (фото)
АҚШ-та екі басты жылан табылды (фото): UGC

Ер адам екі басты жыланды бірден ветеринарларға апарған. Олар жыланның тек басы ғана емес, жүрегі мен асқазаны да екеу екен мұндай жаратылыс табиғатта өте сирек кездесетінін анықтаған.

Сондай-ақ мамандар ас қорыту жүйесінің екі бөлек болуы жыланның ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік бермейді деп отыр.

"Бұлай туған жыландардыі барлығы өледі. Себебі олар өзіне қажетті қоректі ала алмайды. Бұған қоса, олардың бүйрегі де ортақ болуы мүмкін және нәжіс шығаруда қиындықтар туындайды", — дейді ветеринар Лора Тилен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722167-aks-ta-eki-basty-zylan-tabyldy-foto.html