RU
Жеті күн бойы тынбай жұмыс істеген ер адам айыппұл арқалады (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Жеті күн бойы тынбай жұмыс істеген ер адам айыппұл арқалады (фото)

Рассказать Вконтакте

Францияда наубайханашы демалыссыз жұсыс істеймін деп айыппұл арқалады. Ол демалыссыз жұмыс істеп, елдің еңбек заңнамасын бұзған деп хабарлайды islam.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Седрик Вэврэ (сол жақта) жұмыс үстінде. Кадр TF1 арнасының сюжетінен алынған

Седрик Вэврэ (сол жақта) жұмыс үстінде. Кадр TF1 арнасының сюжетінен алынған

Францияның солтүстік-шығысында орын тепкен Люзиньи-сур-Барс шағын қаласында наубайшы болып жұмыс істейтін Седрик Вэрвэ таяу маңдағы қорыққа ағылған туристердің көптігіне байланысты жеті күн бойы, бел жазбай жұмыс істеуіне тура келген.

Францияның заңнама талабы бойынша шағын кәсіпорындарға аптасына алты күннен артық жұмыс істеуге тыйым салынған. Бұл заң талабы жұмысшыны шектен тыс пайдалануға тосқауыл қою мақсатында қабылданған еді.

Аталмыш наубайхана өнімідері

Аталмыш наубайхана өнімідері

Седрик Вэрвэ бұл тыйымға қарамай, заң талабын бұзғаны үшін 3 мың еуро айыппұл арқалады. Наубайханашының өзі айыппұл төлеуден бас тартып отыр. "Мек тек өз жұмысымды істедім" дейді ол.

Ал оның бұл шешімін 2 мыңнан аса адам қолдап отыр. Оған нақты қолдау көрсету үшін онлайн режимде петиция ұйымдастырып жатыр. Сондай-ақ аталған қала басшысы да наубайханашыны жақтап отыр.

Оның айтуынша, мұндай заң шағын бизнестің аяғына тұсау салады. Бұған қоса, ел экономикасына пайда келтіріп отырған туристер қарасының азаюына әсер етеді дейді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір