Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұстаздар туралы нақыл сөздер

Опубликовано:

Әлем әдебитінде ұстаз туралы жазылған сансыз шығармалар мен туындылар жеткілікті. Бұл мамандық иелерінің білімді болашақ ұрпақ қалыптасуындағы еңбегі ерен. Осы тұрғыда, NUR.KZ ұлы тұлғалардың ұстаздар жайлы айтқан нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынады.

Көрнекі фото: topnovoje.mediasole.ru
Көрнекі фото: topnovoje.mediasole.ru: UGC

К.Д.Ушинский

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ыбырай Жақаев

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ж.Ж.Руссо

Ұстаз – ұлы есім

М.Әуезов

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады

В.А.Сухомлинский

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд, ағылшын ағартушысы

Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол- ұстазым Аристотель.

Александр Македонский

Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет

Бауыржан Момышұлы

Мектеп- кеме,білім теңіз

Қасым Аманжолов

Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.

Әбділда Тәжібаев

Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Сәбит Мұқанов

Халық – нағыз ұстаз.

Халық даналығы.

Ілім үйреніп,одан соң оны басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,оны керегіне жаратпай,көміп қойғанмен бірдей.

Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.)

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Платон

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын.Өйткені оның бойында екі кесел бар:бірі-топастық,екіншісі-жалқаулық.

В.А.Сухомлинский

Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

К.Д.Ушинский

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Л.Н.Толстой

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды.

А.П.Чехов

Қайратсыз ашу-тұл,

Тұрлаусыз ғашық-тұл.

Шәкіртсіз ғалым-тұл

Абай

Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.

В.О.Ключевский

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.

Демокрит

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздыөақ.бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады.

Цицерон

Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас.

Боэций

Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара.

Леонардо да Винчи

Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.

Д.Локк

Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп,не оқысам да,соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып,оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.

Ян Амос Коменский

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз?Өзінің оқытатын пәнін терең білуді,адал да сезімтал жан дүниесі болуын…

Д.Дидро

Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдеріміз әзірлейді.

Г.Лихтенберг

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады.Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей,шешесіндей сүйетін болса,ол барлық кітаптарды оқыған,бірақ іске де,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ.Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол-кемел ұстаз.

Л.Н.Толстой

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде,өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.

Д.И.Менделеев

Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды-ол адамды қалыптастырады.

М.И.Калинин

Егер мұғалім өте беделді болса,онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне,сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы,өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері,дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай,ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды.

Э.Хаббард

Жақсы мұғалімдер жақсы оқушыларды жасайды.

М.В.Остроградский

Мұғалімге сенім білдірмесе,оқу игі жеміс бере алмайды.

Д.И. Менделеев

Мен біздің жастарымыздың ежелгі заман философтарын оқуын қалар едім. Мұнан олар шәкірттердің ұстаздарына қандай ілтипатпен және құрметпен қарағанын көрер еді

Сенека

Педагог-жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп,жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.

А.В.Луначарский

Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың,үлкен ұстамдылықтың,мейірімділіктің,биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс.

М.П.Драгоманов

Мұғалім,егер ол адал болса,әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.

М.Горький

Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім-жаман мұғалім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1722181-stazdar-turaly-nakyl-szder/

pixel