RU

Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар аралас жауын жауады

19 наурызда Ақмола облысында қар аралас жауын-шашын болып, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көктем келсе де, синоптиктер алдағы үш күнге дауылдық ескерту жариялап, еліміздің көп бөлігінде күннің жылынуына байланысты су деңгейі артуы мүмкін екенін хабарлаған. Бұл жайт Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында орын алуы мүмкін.

Ал ШҚО-да 19-21 наурыз аралығында жылынып, жауын жауады, соның әсерінен өзендер арнасынан асып, су деңгейі көтерілуі мүмкін, дейді еліміздің синоиптиктері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722190-bgin-elimizdi-basym-bliginde-boran-sogyp-kar-aralas-zauyn-zauady.html