RU

Қостанайда оқушы қызды өлтіріп кетті

Қостанайда тоғызыншы сынып оқушысын өлтіріп кеткен. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау департаменті мен ІІД растап отыр.

Қостанайда оқушы қызды өлтіріп кетті
Қостанайда оқушы қызды өлтіріп кетті: UGC

17 наурызда Қостанайда №11 орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кетті.

Бұл фактіні «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық білім басқармасының жетекшісі Бәтима Даумова растады.

«Оқушы қыздың өлтірілгені рас. Білім бөлімінің қызметкерлерін ешқайда кіргізбейді, тергеу шаралары жүріп жатыр. Ертең бәрі белгілі болады. Қыздың әкесінің жағдайы нашар, ол жансақтау бөлімінде жатыр», - деді БәтимаДаумова.

Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері аталған фактіні растады және осы оқиғаға байланысты қосымша деректерді дүйсенбі, 19 наурыз күні айтуға уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722194-kostanajda-okusy-kyzdy-ltirip-ketti.html