RU
Танымал тележүргізуші өзін бейтаныс жігіттің аңдып жүргенін айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші өзін бейтаныс жігіттің аңдып жүргенін айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Әсел Акбарова соңынан бейтаныс ер кісінің аңдып жүргенін айтып, желі қолданушыларынан көмек сұрады, деп хабарлайды NUR.KZ. порталы.

Танымал тележүргізушісі өзін торуылдап жүрген бейтаныс жігіттен қорқып, елден көмек сұрады

Танымал тележүргізушісі өзін торуылдап жүрген бейтаныс жігіттен қорқып, елден көмек сұрады

Тағдырына алаңдаған тележүргізуші бұл туралы өзінің желі парақшасында жазды.

«Мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырғандықтан, менде сұрақ болып тұр. Мені жас жігіт соңымнан қалмай аңдып жүр. Үйімнің мекен-жайын қайдан тапқанын білмеймін. Алғашында есіктің алдына гүл қойып кетіп жүрді, ал қазір үйдің кіреберіс есігінде күтіп тұрады.

Бір жолы інім үйде болып еді, сыртқа шығып оған енді мұнда келіп тұрудың еш қажеттігі жоқтығын, гүлдің де керегі жоқтығын түсіндірді. Жас жігіт біраз уақытқа көрінбей кетіп еді, қазір тағы пайда болды. Ауыр сөйлеп ұрысу, меніңше нәтижесіз секілді. Бірде әдеттегісінше мені үйдің кіреберіс есігінің алдында күтіп тұрған кезіне өзім оған енді үйдің алдында тұрып, мазамды алудың қажеті жоқтығын айттым.

Мұндай жағдайда не істеу керек? Учаскелікке (полицей) жүгінуге тұрарлық па? Ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ мені бұл алаңдатып отыр. Суретін инстаграмнан алып, сақтап қойдым. Ол маған сол жақта (инстаграм желісінде) да пікір қалдырған.

Суретіне қарап таныдым. Не істеуге болады?» деп жазды тележүргізуші. Телевия саласы маманының бұл жазбасы желідегілерді сары уайымға салған болу керек, түрліше ойлаын жазғандардың бірі тележүргізушіге өзіне сақ болып жүруге кеңес берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
1
1
1
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір