RU

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі тіл тартпай кетті (фото)

Шымкентте наурыздың 16-нан 17-не қараған түні жантүршігерлік жол апаты орын алып, көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жантүршігерлік апат: Шымкентте жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты (фото)
Жантүршігерлік апат: Шымкентте жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты (фото): UGC

Куәгерлердің айтуынша, 1989 жылы туған көлік жүргізушісі жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, бұрылыста қозғалысқа ие бола алмай, жол бойында тұрған жарнама тақтайшасы мен бетон қоршауға келіп соғылған.

Жантүршігерлік апат: Шымкентте жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты (фото)
Жантүршігерлік апат: Шымкентте жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты (фото): UGC

Қатты соққыдан көлік екіге айырылып, өртке оранған. Оқиға орнына полиция қызмпеткерлері мен өрт сөндіру бригадалары келген. Алайда көлік жүргізушісін аман алып қалу мүмкін болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722210-symkentte-zantrsigerlik-zol-apatynan-klik-zrgizusisi-til-tartpaj-ketti-foto.html