RU
Путин: Президенттік тақта 100-ге келгенше отырмаймын
Жаңалықтар Әлемде

Путин: Президенттік тақта 100-ге келгенше отырмаймын

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі президенттік сайлау кезінде Владимир Путин алдын ала сайлау қорытындысы бойынша (76 пайыздан жоғары дауыс алған) жеңіске жетіп, жақтастарына алғыс білдірді. Сонымен бірге ол сайлауалды штабына барып, мүшелерімен кездесті деп хабарлайды centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Путин: Президенттік тақта 100-ге келгенше отырмаймын

Путин: Президенттік тақта 100-ге келгенше отырмаймын

Ол ел Конституциясына өзгеріс енгізу әзірге ойында жоқ екенін, жаңа премьердің кандидатурасын ойлай бастағанын айтті. Бірақ қазіргі премьер-министр Дмитрий Медведев өз орнында қалады ма, жоқ па жауап бермеді.

"Келесі президент сайлауына тағы қатысасыз ба?" деген сұрақты "күлкілі" деп атап, "Мен 100 жасқа дейін отырамын ба? Жоқ" деп жауап берген.

Путин митингте өзіне дауыс бергендерге алғысын жеткізді.

"Сіздер – ортақ командасыздар. Бүгін кім дауыс берді – біздің үлкен жалпыұлттық команда", – деді ол Мәскеудің Манеж алаңында "Ресей. Севастополь. Қырым" митингісінде сөйлеген сөзінде.

Путин елін бірлікке шақырып, алға қарай жылжуымыз керек деді.

"Біз конъюнктуралық түсінікпен басшылық етпейміз. Болашақ балаларымызды ойлаймыз. Ресей үшін бірге масштабты жұмысты қолға аламыз", – деді Путин.

Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша Путин президент сайлауында 75,01 пайыз дауыс алып, алда келеді. Екінші орында КПРФ атынан кандидат Павел Грудинин (13,38%).

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір