RU
Заттыбек Көпбосынұлы он мың адам шақырып, дүбірлі көкпар өткізді (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Заттыбек Көпбосынұлы он мың адам шақырып, дүбірлі көкпар өткізді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлды болуды армандаған Заттыбек Көпбосынұлы он мың адам шақырып, Шымкентте дүбірлі көкпар өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұлды армандаған Заттыбек Көпбосынұлы он мың адам шақырып, дүбірлі көкпар өткізді. Фото: Instagram

Ұлды армандаған Заттыбек Көпбосынұлы он мың адам шақырып, дүбірлі көкпар өткізді. Фото: Instagram
Source: UGC

Әнші бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

«16-наурыз күні Бəйдібек ауданы, туған жерім Кеңес ауылында көкпар берген едім. Дүбірлі додаға атсалысып азаматтық танытқан, жанашыр болып жақындығын көрсетіп арқама сүйеу болған ағаларыма, ізеті мен қызметін көрсеткен інілеріме, Ордалы Оңтүстікті мекен еткен жұртыма басымды иемін.

Туған жерге тағзым ете отырып Бəйдібек ауданының 90-жылдығы мен рухани жаңғыру аясында өткен көкпарға сарапшылардың айтуы бойынша 10.000 аса халық жəне 2000-ға жуық ат қатысты. Ел батасын беріп шаңырағыма ат жалын ұстап, көкпар тартар ұрпақ берсін деп дұға тілеген көпшілікке алғысымды білдіремін», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, дүбірлі шараға жиылған қауым арасында әнші Асхат Тарғын, актер Ерболат Төлеген, Абай Бегей де бар. Олар көкпар ойынынан суреттер мен видеоларды желіге жүктеп қойды.

Сіздің реакцияңыз
3
4
1
2
2
38
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel