RU
"Дұрыс" тамақтануда жіберілетін өрескел қателіктер туралы не білеміз?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

"Дұрыс" тамақтануда жіберілетін өрескел қателіктер туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Дұрыс тамақтану тәсіліне көшкен кез-келген адам жақсы нәтижеге бірден қол жеткізе алмауы мүмкін. Оның себебі біздің осы уақытқа дейін дұрыс деп ойлаған тамақтану тәсілінің қателіктерінде болуы мүмкін. Мамандар "дұрыс" тамақтануда жіберілетін өрескел қателіктернді атап берді деп хабарлады adme.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

1. Органикалық өнімдерді

Органикалық азық-түлік басқаларына қарағанда пайдалы әрі тиімді болып саналады. Дегенмен, оны нақты дәлелмен көрсететін ғылыми зерттеу жұмысы жасалмаған. Бұл өнімдерді өсіру барысында синтетикалық пестицидтер қолданылмайды, оның орнына табиғи пестицидтер қолданылады. Алайда, олардың адам организміне тигізетін әсері туралы ешкім білмейді.

Фото: adme.ru

Фото: adme.ru

Бұдан бөлек, қаптамадағы "эко" жазуы азық-түліктің қауіпсіз екенін білдірмейді. Бұл кейде сатуды жоғарылатуға арналған жарнама.

2. Құрамында глютені бар тағамдар

Соңғы уақытта құрамында глютені бар тамақтар денсаулыққа қауіпті болып саналады. Расымен де, көптеген адамдар глютенсіз диетаға отыруға мәжбүр, себебі адам бойынан целиакация белгілері пайда болған. Алайда, бұл белгі адамдардың тек 1 пайызынан табылған.

Фото: adme.ru

Фото: adme.ru

3. Майсыз тағамдар

Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында көпшілігі майсыздандырылған өнімдерді сатып алуға тырысып жатады. Дегенмен ешкім майсызданған өнімнің дәмді болуы үшін басқа қоспалардың қосылатыны туралы ойланбайды. Мәселен, олардың құрамында қант болады.

Фото: adme.ru

Фото: adme.ru

Тағамдағы майды тек дәрігерлердің талабы бойынша алып тастауға болады, ал басқа жағдайларда майдың мөлшерін азайту да жеткілікті.

4. Жеміс шырындары

Жеміс шырынының құрамында қант өте көп болады және тағамдық құндылығы болмайды. Сондықтан адамның тамаққа деген тәбеті ерекше ашылып, артық салмақ жинауға әкеліп соқтырады. Мұндай шырындар аштықты жоймайды, шөлді де баспайды. Құрамы жағынан жеміс шырынының газды судан айырмашылығы жоқ.

Фото: adme.ru

Фото: adme.ru

Оның орнына жемісті немесе жеміс қосылған суды таңдаған тиімді.

5. Энергетикалық батондар

Энергетикалық батондар жеңіл әрі тез тамақтануға өте ыңғайлы. Алайда оның құрамында қант пен пайдалылығы аз майлар өте көп. Сондықтан оны диеталық өніммен шатастырудың қажеті жоқ.

Фото: adme.ru

Фото: adme.ru

6. Кептірілген жемістер.

Оның пайдалылығы мен зияны қалай дайындалғанына тікелей байланысты. Сондықтан, ең дұрысы, оны үй жағдайында өзіңіз әзірлеңіз. Ал егер дүкеннен сатып алатын болсаңыз, оның сыртқы әдемілігіне мән бермеңіз. Керісінше, қатты болып, кеуіп кеткен жемістерде қоспа аз болады.

Фото: adme.ru

Фото: adme.ru

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір