RU
Тарихты білмейтін надан: Желіде белгісіз лектор Тұрсынбекті жерден алып, жерге салды (видео)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Тарихты білмейтін надан: Желіде белгісіз лектор Тұрсынбекті жерден алып, жерге салды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде Қазақстанның мемлекеттік рәмізі - тудың авторын білмей ұятқа қалған студенттерді сынап, жастарды патриоттыққа шақырған дәріскердің видеосы тарап кетті. Онда ЖОО-нің бірінде студенттерге дәріс оқыған ұстаз Тұрсынбек Қабатовты тарихты білмейді деп айыптады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Бірнеше студенттен тудың авторын сұраған ол олардың бұл сұрақтың жауабын білмейтінін көріп, наразы болады. Айтуынша, бүгінгі студенттердің ата-бабамыздың тарихына деген қызығушылығы жоқ.

Оның айтуынша, еліміздің жастары жақсы танитын Тұрсынбек те театрын "Базар жоқ" деп атап, өзінің тарихты білмейтіндігін көрсеткен. Себебі, қазақ тарихында Базар жырау, Базар батыр сынды тұлғалар болған. Сондықтан білдей бір театрдың атын осылай атаған әзілкешті ол "надан" деп атады.

Бұдан бөлек, ол студенттерге ата-баба тарихында қалай құрметтегені туралы да қызықты ақпараттармен бөлісіп, оларды еліне қызмет етуге шақырды.

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда "Әзіл әлемі" деп аталатын Тұрсынбектің театры бастапқыда "Базар жоқ" деп аталған еді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
20
3
0
3
0
38
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір