RU
Моңғолияда қазақтарды террорист деп атаған сайттың редакторы жұмыстан қуылды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Моңғолияда қазақтарды террорист деп атаған сайттың редакторы жұмыстан қуылды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Моңғолияда қазақ ұлты туралы жағымсыз мақала жариялаған сайт редакторы жұмыстан қуылып, басылым жергілікті қазақтардан кешірім сұрады деп хабарлайды Ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Моңғолияда қазақтарды террорист деп атаған сайттың редакторы жұмыстан қуылды

Сурет ernur.kz сайтынан алынды

Моңғолиядағы zinda.mn сайты қазақтарды террористер деп атап, діни және ұлттық сипатта кемсітіп, мақала жариялаған болатын. Мұны көрген жергілікті қазақтар сайт редакциясына баса көктеп кіріп, олардан мақаланы өшіруді талап еткен.

Ашуға булығып, қатты қорланған Нұрболат және Асқан есімді екі қазақ жігіті сайт редакциясына күрек ұстап барған.

Аталған жайттың видеосы желіде лезде тарап кетті. Көп уақыт өтпей, сайт басшылығы кешірім сұрап, елді шулатқан мақаланы дереу алып тастаған. Ал жауапты редактор бірден жұмысынан босатылған.

Басылымның жазуынша, видеода Нұрболат есімді жігіт: «Мен қорықпаймын. Ұлтымды келекеге айналдырып жатса, ұлтым үшін өліп кетуге бармын», - деп моңғол тілінде айтқан.

Екі қазақ жігітінің ұлтжандылығына сүйсінген желі қолданушылары оларға қолдау көрсетіп, сүйсінуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
52
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel