Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудың қыздары сұлу: Батыстағы қыз ұзату несімен ерекшеленеді? (фото)

Опубликовано:

Маңғыстау - еліміздегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрып берік сақталған өңір. Ондағы қыз-келіншектер кәжекей камзол, бешпетті ұзату тойында ғана емес басқа да жиындарда киіп, ұлттық киімнің бар сұлулығын көрсетіп жүреді. Бүгінде мұндай киімдер айналасындағы қыз-келіншектердің ұлттық киімге деген қызығушылығын арттырып отыр деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"ҰЛТТЫҚ КИІМГЕ СҰРАНЫС ТЕК МАҢҒЫСТАУДА ҒАНА ЕМЕС"

"Маңғыстаудың сұлу келіндері" әлеуметтік парақшасын жүргізуші Әйгерімнің (сұхбат берушінің сұрауы бойынша аты-жөні өзгертіліп берілді-ред.) сөзінше, парақша бар-жоғы 2017 жылы ғана ашылған.

Маңғыстаудағы қыз ұзату дәстүрінің ерекшеліктері қандай? (фото)
Маңғыстаудағы қыз ұзату дәстүрінің ерекшеліктері қандай? (фото): UGC

"Мен Жаңаөзен қаласының тумасымын. Бұл жерде дәстүрді ерекше берік ұстанады. Негізі топ құрамын деп ойламадым. Бір күні неге Маңғыстаудың салт-дәстүрін баршаға насихаттамасқа деген ой келіп, парақша аштым. Оны осы жердің қыз-келіншектерінің өз фотоларымен көрсеткен дұрыс деп шештім. Алғашында тек, жергілікті салт-дәстүрді көрсетемін деп ойлап едім. Бірақ уақыт өте келе басқа да өлкелер бізге "неге басқа өлкелерді жарияламайсыздар?" деп ренжи бастады. Содан кейін басқа облыс тұрғындарының да тұрғындары ұлттық киімді киетінін, дәстүрге беріктігін көрсету үшін суреттерін жариялай бастадым. Жалпы, ұлттық киімге сұраныс Маңғыстауда ғана жоғары емес. Басқа жерлерде де бар", -дейді Әйгерім.

Фото: instagram.com/mangystaudyn_sulu_kelinderi
Фото: instagram.com/mangystaudyn_sulu_kelinderi: UGC

Әкімшінің сөзінше, парақшаны тұрақты әрі қызықты ақпараттармен дамытуға уақыт жеткіліксіз. Соған қарамастан, жазылушылар мен ұлттық киімдер туралы сұрақ қоюшылар қатары күн санап өсіп келеді.

"Көбінесе ұлттық киімді киіп түскен қыз-келіншектерді жариялайтындықтан, бізге жеке хат жазып, кәжекей мен бешпетті, сәукелені не болмаса өрнекті аксессуарларды қайдан алуға болады деп немесе салт-дәстүр туралы сұраушылар көп. Бірде Алматы қаласынан бір оқырманымыз киімдерді қайдан алуға болады деп сұрап жазды", - дейді Әйгерім.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

ДИЗАЙНЕР ДИНА ОРАЗОВА: "АЙЫНА ЖҮЗДЕН АСТАМ ТАПСЫРЫС ҚАБЫЛДАЙМЫЗ"

Ұлттық киімге қызығушылықтың артқанын Маңғыстаудағы танымал дизайнерлердің бірі, «Dina Studio” сән үйінің иесі Дина Оразова да растап отыр. Ол бүгінде болашақ келіндерге арнап жеке ұзатылу және той көйлектерін, сәукелелерді тігумен айналысады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Мен Алматыдан Маңғыстауға қоныс аударып келгенде қыз ұзатуға тек қана қызыл көйлек, қызыл бешпет, камзол тіктіретін. Ал бүгінде қазақы нақыштағы киім индустриясы дамыған. Біздер ақырындап алқызыл, ақ, көк, жасыл түсті кәжекейлерді, бешпеттерді, ерекше стильдегі сәукелелерді тіге бастадық. Жаңа дизайн көпшілігіне ұнады. Бүгінде біздер бір айда жүзден аса тапсырыс қабылдаймыз", -дейді дизайнер.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Оның айуынша, өнім сәнді әрі қарапайым халық үшін қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан ол өзі тіккен киімдерге аса жоғары баға қоймайтынды екен. Әдемі көйлек үшін бағға 40 мың теңгеден басталып, күрделілігіне, материалдың сапасына қарай жоғарылай беретін көрінеді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Дәстүрлі қазақ сәукелесі өте әдемі. Бірақ бүгінде заманның өзгеруіне байланысты диадема және жылтыр тастармен өңделген әр түрлі формадағы сәукелелер сәнге айналды. Оларды тіктіруге сұраныс аз болғанымен жалға алатындар бар. Ал республикадан айына бірнеше сәукеле дайындап жібереміз. Бірақ оған тапсырыс бірнеше ай бұрын қабылданады, жұмысы оңай емес. Біз әр тапсырысты клиенттің сұранысына сай, ерекше ою-өрнектің түрлерін арнайы дайындап тігеміз, - дейді ол.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бүгінде дизайнердің Ақтау қаласында екі нүктесі және Жаңаөзенде де сауда нүктесі бар. Алдағы уақытта ол бизнесін республика көлемінде дамытқысы келеді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ ТҮСІНДЕ ҮЛКЕН МӘН БАР"

Маңғыстау өңірінің тумасы, бес баланың анасы Балшырын ханым бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отыр. Ол қыздарының ұлттық киімді киіп өсуіне аса қатты мән беріпті. Себебі қазақтың киімдерінің өзінде үлкен тәрбиелік мән бар деп санайды екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Қазақ халқы киімдегі ою-өрнекке ғана емес, киімнің түсіне де қараған. Мәселен, жасы үлкен кісілер жасыл, қоңыр түстес, ою-өрнегі аз киімдер киетін болған. Өйткені ол, адамның жасын байқатады және көпті көргендігін көрсетіп тұрған. Ал жас қыздар қызыл көйлек пен ою-өрнегі көп, жалтыраған, жарқылдаған камзол немесе бешпет тіктіріп киетін. Себебі қызыл түс жастықтық белгісі деп есептеледі", - дейді Балшырын апай.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Оның сөзінше, қазіргі маңғыстаулық қыз-келіншектердің гардеробында міндетті түрде кәжекей мен камзол табылады.

"2016 жылы қызымды ұзаттым. Оған арнап, ұзату көйлегін бешпетін, кәжекейін «Нұр-Шах» сән үйінен тіктіріп бердім. Бір жақсысы қазіргі таңда сән үйлері өз қалаған дизайның бойынша эксклюзивті қып тігіп береді", - дейді ол.

"ТОЙ КҮНІ ҚЫЗДАР ТАБИҒИ БОЯНҒАНДЫ ҰНАТАДЫ"

Ақтаудағы "Зефир" сән студиясының визажисті, сұлулық шебері Перизат Алиева қыздар той күні табиғи қалпын сақтауға тырысатындығын айтады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қазақ қыздарымыз той күні табиғи боянғанды ұнатады. Көзге аса көп сүрмені де, бетке бояуды да аса кө жақпайды. Ал фотосессиға әзірлеген уақытта макияждың басқа әдісін жасаймын. Себебі, фотоға түскен кезде бояу көрінбей қалуы мүмкін. Алғашында 3000 тыңгеге бояндырып жүрдім. Бірақ қазіргі таңда 6-7 мың теңге аралығында бояндырамын. Халыққа қолжетімді деп ойлаймын, - дейді Перизат.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Визажист бояну саласында да өзгерістер, оның да өзіндік сән үлгісі бар екендігін алға тартты. Сондықтан, кәсіби тұрғыдан өсіп отыру керек дейді жақында Мәскеуден білімін шыңдап келген ол.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1722256-magystaudy-kyzdary-slu-batystagy-kyz-zatu-nesimen-erekselenedi-foto/

pixel