Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ аруы" байқауында танымал әнші көйлегіне шалынып, құлап қалды (видео)

Опубликовано:

«Қазақ аруы – 2018» байқауында бойжеткендерді әнмен сүйемелдеп тұрған тұрған отандық әншінің масқарасы шықты. Айша Байбосынова сахнада шалынып, құлады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қазақ аруы-2018» байқауында танымал әншінің масқарасы шықты (видео). Фото: Instagram
«Қазақ аруы-2018» байқауында танымал әншінің масқарасы шықты (видео). Фото: Instagram: UGC

Баян Мақсатқызының «Қазақ аруы» жобасы барысында отандық әнші ұятқа қалды. Сайыстың сән шеруі кезеңінде қатысушыларды әнмен сүйемелдеп тұрған әнші Айша Байбосынова шалынып құлады.

Айта кетейік, әнші ұзын көйлек пен биік өкшелі аяқ киіммен сахнаға шыққан. Айша еш саспастан орнынан тұрып, әнін әрі қарай жалғастыра жөнелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722258-kazak-aruy-bajkauynda-tanymal-nsi-kjlegine-salynyp-klap-kaldy-video/

pixel