RU
Атышулы «Төрт ағайынды» ісі аудармашыға жарымай ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы «Төрт ағайынды» ісі аудармашыға жарымай ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты қаралып жатқан ұйымдасқан қылмыстық іске қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта сотта экспертиза қорытындылары жарияланып жатыр. Сотталушылардың қорғаушылары экспертиза қорытындыларына наразы деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Атышулы «Төрт ағайынды» ісі аудармашыға жарымай ұятқа қалды

Атышулы «Төрт ағайынды» ісі аудармашыға жарымай ұятқа қалды

«Құрметті сот, бұл істе қаншама жігіттің тағдыры шешілгелі тұр. Синельников бұрғылау кен орнының иесі жоқ. Іс материалдарында оған қатысты талап арыз, келтірілген залалдың мөлшері де жоқ. Бірақ осының бәрі қолмен жасалып жатқан сияқты. Жоқ нәрсені мойындарына іліп жатыр. Менің қорғауымдағы Жанат Тектіғұлов қазақтілді бала, тергеу кезінде орыс тілінде жауап алынған», - деді Тектіғұловтың қорғаушысы.

Қорғаушылар Темір ауданына қарасты Синельников кен орнына қатысты айыптаудың орынсыз екенін айтады. Айыптауда аталмыш кен орнының да шығынға батқаны көрсетілген болатын. Иесіз кен орнының шығынын есептеп, талап арызы жоқ істі сотқа кірістірудің орынсыз екенін айтқан қорғаушылар соттан әділдікті сұрауда.

«Синельников жағдайына қатысты көптеген адамдардың тағдыры бір-біріне байланысты болып тұр. Бұл сараптаманың тағайындалуына қарсы болдым. Біздер ештеңені дәлелдеуге міндетті емеспіз. Оны айыпталушы жақ дайындау керек. Келтірілген залал көрсетілу керек. Экспертиза кезінде өндірілмеген нәрсенің бәрін балаларға жала болып жабылайын деп тұр. Сол үшін кейбіреулер жанталасып жатыр. Құрметті сот, сіз жәбірленушіге арызды қалай жазу, талапты қалай қою керектігін айтып жатырсыз. Құрметті сот оның бізге қандай қажеті бар?! Сот ешкімнің жағында көрінбеу керек деп ойлаймыз. Мына балаларды тығырыққа тіреп, жағдайларын нашарлатып отырмыз. Көптеген сараптамада шикіліктер бар. Ол туралы жарыссөзде де айтатын боламыз. Процесстік кемшіліктер болып жатыр. Мен осыны айтқым келеді», - деді Тектіғұловтың қорғаушысы.

Қазақ тілінде айтылған бұл ұсынысқа ресми тілде өтіп жатқан сотта аударма жасалынған жоқ. Сот аудармашысы жазып үлгермегенін айтып, ұсыныстың қайта оқылуын сұрады.

«Ауыздан шыққан түкірік, қайтып жұтса мәңгүрік. Бір айтылған нәрсені мен қайталап айтқым келмейді», - деген қорғаушы жиырмадан аса жігіттің тағдыры шешілетін істе аудармашының дұрыс болуын сұрады.

«Төрт ағайынды» ісі сотқа ресми тілде түскен. Айыпталушылардың дені таза қазақ тілінде сөйлейтіндіктен, іс үнемі аудармашының жұмысын қажет етеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
4
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір