RU
Ақтөбеде әскери қызметкер үйіндегі жұмысшыны ұрып өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде әскери қызметкер үйіндегі жұмысшыны ұрып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі үйін жөндеп жүрген жалдамалы жұмысшыны ұрып өлтірді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде әскери қызметкер үйіндегі жұмысшыны ұрып өлтірді

Ақтөбеде әскери қызметкер үйіндегі жұмысшыны ұрып өлтірді

Әскери институттың жүргізушісі Аян Жәрменов өткен жылдың қазан айында жәбірленуші С. Киктенконы үй жөндеуге жалдайған. Жұмыс барысында арада жанжал шығып, әскери қызметкер оны жұдырығымен бірнеше мәрте ұрып, денсаулығына зиян келтірген. Ал ішінен ауыр соққы алған жәбірленуші 2017 жылдың 27 қазаны күні қаза болды.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.Ахметов денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген сотталушы Аян Жәрменовты айыпты деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel