Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудегі құлдық: Ондаған еңбек мигранты Ресейдегі азапты күндерді еске алды

Опубликовано:

Бүгінде Ресейге ТМД елдерінен барып қызмет ететіндердің саны өте көп. Көршілес Ресейде олардың еңбегін заңсыз пайдаланып, тіпті жұмысшыларды тегін жұмыс күші ретінде пайдаланатындардың қарасы аз емес. Ондаған қырғыз азаматын құлдықта ұстап, адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеткендердің қылмысы ашылды деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәскеудегі құлдық: Ондаған қырғыз азаматы Ресейдегі азапты күндерді еске алды
Мәскеудегі құлдық: Ондаған қырғыз азаматы Ресейдегі азапты күндерді еске алды: UGC

13 қырғыз азаматын құлдықта ұстап, таңғы сағат сегізден түнгі төртке дейін жұмысқа жеккендер олардың төлқұжаттарын тартып алған. Зай бойынша еңбек шарттарын түгел сақтауға уәде берген жұмыс берушілер кейіннен оларды ұрып-соғып, дегендеріне көндірген. Қырғыз азаматтарының айтуынша, өздерінен басқа бұл фирмада 100-ден астам еңбек мигранты жұмыс істеген.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер оларды аштықта ұстап, аяусыз жазалап отырғаны белгілі болды. Қазірге кезде Қырғызстан СІМ мен ресейлік тарап бұл жағдайдың мән-жайын анықтауда. Қылмысқа қатысы бар азаматтарға қылмыстық жазаға тартылады деген уәде берілді.

Еске салсақ, Мәскеуде құлдықта болған қазақ азаматтары бұдан бір жарым жыл бұрын басынан кешкен сұмдық жайттарды баяндап берген еді. Қазақ қыздары мен жігіттерін ОҚО-дан Ресейге алдап апарып, құлдыққа жеккендердің оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1722272-mskeudegi-kldyk-ondagan-ebek-migranty-resejdegi-azapty-knderdi-eske-aldy/

pixel