RU
Қытайда жерлеу рәсімінде стриптиз билеуге тыйым салды
Жаңалықтар Әлемде

Қытайда жерлеу рәсімінде стриптиз билеуге тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы мәдениет министрлігі жерлеу рәсімінде, үйлену тойлары мен қытайлық Жаңа жыл мерекелерінде стриптиз бен басқа да анайы қойылымдарды көрсетуге тыйым салды деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Қытайлық билік өкілдері аталған әрекеттер халықты ұятсыздыққа итермелейді деп отыр. Оған қоса, басшылық стриптизді балалардың да көретініне алаңдаулы.

Ал жерлеу рәсіміне ұятсыз би билейтін аруларды шақыру Қытайдың 19 қаласында қарқынды дамыпты. Оған себеп, халықтың пікірінше, стриптиз бишілері арқылы қайтыс болған адамды еске алуға көбірек адам жинауға болады. Бұл өз кезегінде о дүниелік болған марқұмға сәт сапар тілеуге көмек болады. Ерекше дәстүр 1980 жылдары Тайваньда бастау алыпты.

Енді Қытайдағы билік өкілдері Хэнань, Аньхой, Цзянсу жіне Хэбэй провинцияларында аталған жайттың куәгері болып, құқық қорғаушыларға хабар бергендерге сыйақы тағайындапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel