RU
96 жастағы әжей Барбиге айналу үшін барын салуда (фото)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

96 жастағы әжей Барбиге айналу үшін барын салуда (фото)

Рассказать Вконтакте

Америкадағы ойыншық жасайтын "Mattel" компаниясы барби қуыршағының жаңа түрін шығарды. Олар аталмыш қуыршаққа 96 жастағы дизайнер Айрис Апфельдің бейнесін пайдаланған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Жаңа қуыршаққа Gucci брендінің ашық түсті киімдерін кигізіп, түптұлғасының стиліне ұқсатып, көптеген әшекей бұйымдар таққан. Ал оның басты аксессуары - Айрис Апфель тастамай жүретін үлкен әйнекті, жуан жикті көзілдірік екен.

2013 жылы Айрис "The Guardian" басылымы шығарған 50 жастан асқан әлемдегі ең сәнді әйелдер тізіміне енген.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Айта кету керек, осыған дейін "Mattel" компаниясы бірнеше атақты модельдердің бейнесімен барби қуыршақтарын шығарған болатын. Мәселен, 22 жастағы модель Джиджи Хадид, әнші Зендаи және толық пішінді модель Эшли Грэмнің түріндегі қуыршақтар жасалған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel