RU
Сағадиев ОҚО-дағы жеті жасар оқушыға қатысы барларды қатал жазаламақшы
Жаңалықтар Қоғам

Сағадиев ОҚО-дағы жеті жасар оқушыға қатысы барларды қатал жазаламақшы

Рассказать Вконтакте

Ерлан Сағадиев ОҚО мектептерінде күрделі тексеріс жоспарланып жатқанын айтты. Алайда, тексеру жеті жасар балаға қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Bilim-all

Фото: Bilim-all

Білім және ғылым министрінің айтуынша, тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оларға кедергі болмас үшін министр көпшілікті негізсіз пікір беруден бас тартуға шақырды.

Баланың жағдайы қалыпты, онымен тиісті мамандар күрделі жұмыс жүргізуде.

Оған қоса Ерлан Сағадиев кінәлі адамдар өз жазасын міндетті түрде алады деп сендірді.

«Тергеу өз нәтижесін беріп, дәлелдер мен дәйектер арқылы кінәлі адамдар анықталған жағдайда, олар тиісті жазаларын міндетті түрде алады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, мұндай жантүршігерлік жағдайдың қайталанбауы мен оның алдын-алу мақсатында, сәуір айының басында ОҚО-дағы білім ордаларында күрделі тексеріс жоспарланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
0
1
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel