RU

Ашық-шашық киіммен ән айтқан Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға ұшырады (видео)

«Қазақ аруы-2018» байқауында тым қысқа көйлекпен сахнаға шығып, ән шырқаған Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ашық-шашық киіммен ән айтқан Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға ұшырады (видео). Фото: Instagram
Ашық-шашық киіммен ән айтқан Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға ұшырады (видео). Фото: Instagram: UGC

Алтын түстес қысқа етекті көйлекпен сахнаға шыққан әншінің видеосын Баян Мақсатқызының қайын атасы Instagram парақшасына жүктеп қойды.

«Әрдайым керемет көрінетін, Кәмшат» деп жазба қалдырды.

Ал желі қолданушыларына әншінің киген киімі ұнамай қалды.

«Одан да жалаңаш шықпадың ба?», «Қазақ қызы ма бұл?», «Не киіп алған?», «Әш киімі көрініп тұр ғой» деген теріс пікір білдірді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722302-asyk-sasyk-kiimmen-n-ajtkan-kmsat-zoldybaeva-tagy-da-synga-syrady-video.html