RU
Алматы облысында үйінен қашып кеткен қыз екі айдан кейін Шымкенттен табылды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Алматы облысында үйінен қашып кеткен қыз екі айдан кейін Шымкенттен табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 8 қаңтар күні жоғалып кеткен 16 жастағы қыз, араға екі ай салып Шымкент қаласынан табылды. Ол жергілікті колледжге оқуға түсіп үлгерген деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Талғар ауданына қарасты Ақтас ауылының 16 жастағы тұрғынын екі ай бойы бүкіл Қазақстан іздестірген. Оған барлық әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерніің күші біріктірілді. Нәтижесінде қыз бала Шымкент қаласында екені анықталды.

«Туғандарымен ұрысып қалған қыз, жеке өмір бастамақ мақсатымен үйінен кетіп қалған. Кетер алдында ол ата-анасына хат тастап кетті. Ұзақ іздестіру нәтижесінде оның Шымкент қаласында екені анықталды.Белгілі болғандай, қыз бала жергілікті колледжде білім алып жатыр»,- деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

16 жастағы қыз өз оқуын жалғастырмақ ниеті бар. Оған ата-анасы да қарсылық білдермейтін көрінеді. Енді ол Алматы облысына наурыз мейрамы кезінде барып, туғандарымен қауышпақ.

Оның қашуының бір себебі – әлеуметтік желіде танысқан шымкенттік жігіт болса керек.

Сіздің реакцияңыз
3
4
2
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel