RU

Данияр Елеусінов өзінің "талқанын шығарамын" деген боксшыға жауап берді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа өткеннен кейін шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфордтың Елеусіновтің "талқанын шығарамын" дегеніне жауап берді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Негізінде бұл ұсыныс мен үшін маңызды әрі толғандыратынын айтуға болады. Теренс Кроуфорд - әлемдегі ең танымал есімдердің бірі. Болашақта кездесуіміз мүмкін. Сол кезде біздің жекпе-жектің қалай өрбитінін тамашалай аласыздар", - деді Елеусінов.

Айта кетейік, 6 наурызда Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа өткені туралы келісімшартқа қол қойды. Оның промоутері - ұлыбританиялық Эдди Хирн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722324-daniar-eleusinov-zini-talkanyn-sygaramyn-degen-bokssyga-zauap-berdi.html