RU
Бұл тағдыр: Ер адам әйелінің кішкентай кезіндегі суретінен өзін байқап қойды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Бұл тағдыр: Ер адам әйелінің кішкентай кезіндегі суретінен өзін байқап қойды

Рассказать Вконтакте

Отасқандарына бес жылдан астам уақыт өткен ерлі-зайыптылар өмірінде ерекше жағдай орын алды. Күйеуі сүйіктісінің кішкентай кезіндегі суреттерін қарап отырып, бір суреттен өзін аңғарып қалған деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Сюэ мен Йе отасқандарына бес жылдан астам уақыт өтті. Олар осы күнге дейін алғашқы кездесулерін 2011 жылы болды деп ойлап келген. Алайда, алғашқы жүздесу анағұрлым ерте болғаны анықталды.

Жақында Сюэ мен Йэ егіз баланың ата-анасы атанды. Балаларын кімге ұқсайтынын анықтау мақсатында, олар бір-бірінің кішкентай кезіндегі суреттерін көруге кіріскен.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Суреттердің бірі Йэ үшін нағыз күтпеген жағдай болды. Сюэнің 2000 жылы Циндао қаласында жасалған суретінің артқы жағында өзін байқап қалған ол аң-таң күйде қалды.

Белгілі болғандай, 2000 жылы ерлі-зайыптылардың екеуі де ата-аналарынмен Циндао қаласына саяхаттап барған. Алайда, жас жұбайлар бір-бірін мүлдем байқамағандарын айтты.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Оған қоса, үйленер алдында Сюэ мен Йэ кішкентай кезінде тұрған үйлеріне келген кезде, ерлі-зайыптылардың бір үй ішінде тұрғаны анықталды. Ғимараттың аса үлкен болуы себепті олар мүлдем кездеспеген көрінеді.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Ал енді ерлі-зайыптылар өздерінің қосылуын тағдырға теңейді. Олар тіпті, Циндао қаласына тағы да барып, отбасылық сурет жасап үлгерген.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
2
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel