RU
100 АҚШ долларымен аяқ киімін сүрткен жігіт жұрттың ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

100 АҚШ долларымен аяқ киімін сүрткен жігіт жұрттың ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде белгісіз жас жігіттің 100 АҚШ долларымен аяқ киімін сүртіп жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Онда жігіт айналасындағыларға "Түсірмеші" деп ескерту жасап, аяқ киімін тазалауды әрмен қарай жалғастырады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жігіттің бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды. Басым көпшілігі жігіт бұл арқылы өзіне ұпай жинағысы келгенін айтып сынның астына алды. Тағы бірі маңдай термен таппаған соң ақшаның қадірін түсінбейтінін алға тартты.

"Сол ақшаны маңдай теріңмен тапсаң көрер едім бәтеңке сүрткеніңді", "Ақшаның киесі жаман. Мақтанып аяқ сүрткенше, жұртқа нан әпергеніңді түсіруің керек еді", "Аяқ сүрткенше садақа тастауың керек еді. Сонда қарғыс емес, алғыс алар едің" деп ашынды желі қолданушылары.

Видео еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз, тек бұл оқиға білім ұяларының бірінде орын алғанын байқауға болады.

Видео: желіден алынды

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
5
2
5
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір