Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да суға батып кеткен жеті жасар баланың денесі бір жарым айдан кейін табылды

Опубликовано:

ОҚО-да мұзға батып кеткен жеті жасар баланың мәйіті бір жарым айдан кейін табылды. Құтқарушылар жеткіншектің мүрдесін Шәуілдір ауылы маңындағы Арыс өзені жағасынан тапқан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: semey.city
Көрнекі фото: semey.city: UGC

Мұзға батып кеткен жеткіншектің денесін төтеншеліктер бір жарым ай іздеген. Ата-анасының өтінішімен баланы іздеу жұмыстарын құтқарушылар 7 рет жүргізген.

"31-ші қаңтарда Отырар ауданы аумағындағы Арыс өзеніндегі мұздың үстіне ойнап жүрген бала суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Баланың денесі 15 наурыз күні табылды. Ата-анасының сұранысы бойынша құтқарушылар 7 жасар баланың денесін іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жетінші мәртеде табылды" , - деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, марқұм болған балақай досымен бірге Арыс өзенінің бойына ойнауға барған екен. Өзен жағалауы биіктігі 60 сантиметрлік плиталармен қоршалса да, одан асып түскен жеткіншектер мұзға сырғанамақшы болған.

Алайда, өзеннің кей тұсында мұз дұрыс қатпай 1-ші сынып оқушысы суға құлап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1722377-oko-da-suga-batyp-ketken-zeti-zasar-balany-denesi-bir-zarym-ajdan-kejin-tabyldy/

pixel