RU
Жас жігіт көзіне шөп салған сүйіктісін желіде масқара қылды (фото)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Жас жігіт көзіне шөп салған сүйіктісін желіде масқара қылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Буэнос-Айрес қаласының тұрғыны Мариано сауық кешіне барып, өз сүйіктісін басқа жігітпен ұстап алды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

20 жастағы Мариано көңіл көтермекші болып сауық кешіне барған. Алайда, керісінше көңіл күйі түсіп қайтты.

Ойда жоқта дәл сол сауық кешінде ол, өз сүйіктісін басқа жігітпен сүйісіп тұрған сәтінде ұстап алған. Сезімдерін бой алдырып беріле сүйіскен олар, Марианоның қастарына отырып селфи жасағанын да аңғармай қалды.

Жас жігіт өзіне опасыздық жасаған сүйіктісінің фотосын интернет желісіне жүктеп жіберген. Оның астына мынадай жазба қалдырды: «Менің (бұрынғы) қызым, менімен бір сауық кешінде болып қалам деп ойламаған сияқты».

Ең қызығы бойжеткен өзінің опасыздығының әшкере болғанын тек интернет желісінде хит болып кеткен фотоны көргенннен кейін ғана түсінген.

Болған оқиғадан кейін, қателігін жуып шаймақ болған қыз Марианодан кешірім сұрап, мас күйінде не істеп қойғанын білмей қалғанын айтты. Бойжеткен қанша жерден ақталып тырысса да, жігіт қарым-қатынасты бірден тоқтатқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
4
5
2
1
29
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel