RU
Өзін қағып кеткен көліктің үстінен жедел жәрдем шақырған жігіт жұртты таңырқатты
Жаңалықтар Әлемде

Өзін қағып кеткен көліктің үстінен жедел жәрдем шақырған жігіт жұртты таңырқатты

Рассказать Вконтакте

28 жастағы бразилиялық байкер Гильерме Соуза-де-Оливейра Жандир қаласында көлік апатына түсті. Соқтығысу нәтижесінде ер адам өзін қағып кеткен көліктің үстіне ұшып түскен деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Көлік апатына түскен 28 жастағы ер адам өзін қағып кеткен көлік үстінен жедел жәрдемге қоңырау шалғаны анықталды. Болған оқиғаны бейнебақылау камералары түсіріп алған.

Белгілі болғандай, соқтығысудан кейін көлік бірден тоқтай қоймаған. Жүргізуші көлік үстіндегі жолаушысын байқамай қалса керек.

Абырой болғанда жергілікті тәртіп сақшылары үсті әбден майысқан көліктегі жолаушыны көріп, оған көмек беруге кірісті.

Олар майысқан көлік үстінде ұялы телефонмен сөйлесіп бара жатқан ер адамды көріп таңғалғандарын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
4
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel