RU
Әкесін ажалдан құтқару үшін артық салмақ қосқан қыз елдің жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Әкесін ажалдан құтқару үшін артық салмақ қосқан қыз елдің жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

Қатерлі дертке шалдыққан әкесін құтқару үшін салмақ қосқан 11 жастағы қыз көпшілікті сүйсінтті. Дәрігерлер донор болуға рұқсат беру үшін жасөспірім қызға артық салмақты қосуға тура келген деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Weibo

Фото: Weibo

2 жыл бұрын Ло Сяолань қатерлі миелоид лейкозына шалдыққан. Содан бері қыздың отбасы химиятерапияға 200 мың юаннан көп ақша жұмсайды, бірақ әлі де ауруға шалдыққан әкесінің жағдайы жақсарған емес.

Жыл басында дәрігерлер әкесінің аман қалудың бірден-бір жолы – ми сүйегін ауыстыру деп айтыпты. Оның ата-анасы донор болуға тым кәрі, ал туған әпкесінікі сәйкес емес екен. Бар үміті – 11 жастағы қызы Чжэньчжэньде (Zhenzhen) болады.

Анасы донор болуға дайын екенін сұрағанда қыз ойланбай "иә" деп жауап береді. Дәрігерлердің айтуынша, қызы жақсы донор болар еді, дегенмен оның 29 келі салмағы отаға кедергі келтіретінін айтқан. Ми сүйегінің доноры науқастың кем дегенде жарты салмағына жету керек екен.

Осыданк кейін 11 жастағы қыз әкесін өлімнен құтқару үшін тамақтану тәртібін өзгертеді.

Сөйтіп ол бір айда 4,5 келі салмақ қосады.

Бұған риза болған дәрігерлер бірнеше тестілеуден өткізілгенін және барлығы сәтті өтетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда Сяолань операцияға дайындалып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
4
3
23
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір